Compass

Әрдайым дұрыс бағыт

Express Market пен түрлі жанармай құятын бекетті біріктірген еуропалық форматтағы жанармай құятын кешен.

Бізде бағасы қымбат емес, сапалы бензин, дизельдік отын мен газ құюдан бөлек, күнделікті сұраныстағы тауарлардың 3 мыңға жуық аталымы бар тұтастай Express Market, келушілерге ыстық және салқын сусын, жаңа піскен өнімдер мен фаст-фуд тағамдарын ұсынатын WiFi-сервисі бар жайлы кафе аумағы жұмыс істейді. Кафеге Сибилла бекеті,  пісіретін пеш, құйылмалы балмұздаққа арналған фризер мен кофе автоматты қойылған.

Біз тауарлар, азық-түлік өнімдері, сүт, көкөніс пен жемістерді қаладағы бәсекелестік бағамен ұсына отырып, сіздің уақытыңызды үнемдейміз. Автокөлік қоятын орын мен навигациясы ойластырылған, үйге жақын орналасқан дүкен, сондай-ақ жылдам әрі сапалы қызмет көрсету кафеде деликатестер мен хош иісті кофенің ғажап дәмін татуға мол мүмкіндік береді!

Compass бренді Қазақстанда жасалған. Май құю орнының дәл осы форматындағы идея мұндай  кешендер қалыпты іс болып саналатын еуропалық тәжірибеден алынған.  Дүкеннің лайықты тұжырымдамасын іздеуге, ауқымды жер учаскелерін сатып алуға, дүкеннің сырты мен ішкі интерьерінің дизайнын жұмыс істеп тұрған кешенге дейін қалыптастыруға көп уақыт жұмсадық.

Кешенді құруға халықаралық компаниялар қатысты – WANZL неміс компаниясы, сауда жабдығын дайындап шығарды, беларусиялық  VDS компаниясы кешеннің сәулетін жасады, ал LP-group компаниясы май құю орнына ең жаңа Gilbarco жанармай-үлестіру колонкаларын қойды. Автожарнармай құю станциясын Retalix® Ltd (Израиль) компаниясы жасап шығарған Retalix StorePoint жүйесімен басқарады.

АЖҚС құю жүйесі тұтастай электронды, бұл жанармай мөлшерінің дәлдігіне кепілдік береді. Барлығы да атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарды азайту үшін жобаланған.

Станцияда Қазақстан мен Ресей мұнай өңдеу зауыттарының жанармайы: Аи-92 мен Аи-95, дизельдік отын мен сұйылтылған газ таратылады. Жанармай сертификатталған және біздің зертханамызда қатаң сапа бақылауынан өткізіледі, негізгі сипаттамалардың өлшемдері жүргізіледі. Тексеруден өткізілген соң ғана станцияларға жеткізіледі.