Кафе аумағын дайындай отырып, сіздің осында бас сұғып, дәмді тағамнан ауыз тигеніңізді қаладық. Табиғи кофе немесе шаймен бой жылытып, салқын коктейльдермен сергуге болады.
Бізде түрлі салмасы бар ыстық круассанның, швециялық Сибилла брендінің, әр түрлі салма қосылған дәмді покет-сэндвичтің дәмін татып, дәнді кофе мен салқын сусындармен шөл қандырасыздар. WI-FI мен телефонды қуаттау станцияларын да пайдалана аласыздар.
Compass кешенінде әрдайым асықпай дәмді тағам мен хош иісті кофемен ғажайып күйді сезінуге, жолға сэндвичтер мен түрлі сусынды алуға мүмкіндік бар. Ас мәзірінде француздық және даттық шұжық салынған хот-догтар, финдік гриль, братвурст, сиыр етінен гриль, гамбургерлер бар. Гриль-дог – хот-дог дайындаудағы классика – түйіспелі грильде қытырлатып қуырылған даттық тоқаш, бірегей рецептімен дайындалған шұжық, қияр салаты, пияздан чипстер мен тұздықтар: қыша, майонез бен кетчуп.
Дәмді покет-сэндвичтердің түрлі салмасы бар – тунец, аңшы шұжығы, тауық еті, ал десерттік покетке банан мен шоколад пастасы қосылған. Үнеммен әрі тойымды тамақтанудың мүмкіндігі ретінде ыңғайлылық үшін түрлі Комбо мәзір ұсынамыз. Кафе ассортиментін толық даярлауда тек сапасы жоғары азық-түлікті пайдаланамыз.